Пневмония мен коронавирустан бір күнде 23 адам қайтыс болды

28.11.2021 16:21

151 адам емделіп шықты

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 23 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

26 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирус белгілері бар пневмонияның 79 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 151 адам емделіп шықты. 13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 82530, 5138 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 73775 жетті.