Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына слтеме жасап.
"ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 12 тұрғынынан COVID-19 вирусы анықталды, олар — 1991, 1985, 1966, 1986, 1994, 1992 , 2000, 2006, 1970, 1998, 1994, 2001 жылғы азаматтар. Барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Тиісінше барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 267 адам анықталған.