Денсаулық сақтау министрлігі 21 ақпандағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдай матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта – қалған облыстар.
Айта кетейік, 20 ақпандағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша барлық өңір «қызыл» аймақтан шыққанын жазған болатынбыз.