Отбасылық байланыстардан жұқтыру 4,2% деңгейінде қалды
Мегаполистің қоғамдық тамақтану орындары коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty.tv
«Науқастармен сауалнама жүргізу кезіндегі көрсеткен жұқтыруы көп ықтимал орындар: сауда орталықтарында 3,3% - ға 30,6% -дан 27,3%-ға төмендеді (әсіресе ішкі азық-түлік дүкендерінде шамамен 6%); нарықтарда 1,5%-ға 11,2%-дан 9,7% -ға дейін; қоғамдық көлікте шамамен 3% - 18,7%-дан 15,9%-ға дейін», – деді Ж.Бекшин.
Сондай-ақ, тамақтану орындарында, мейрамханалар мен кафелерде 5,2%-дан 5,8%-ға дейін өсті. Отбасылық байланыстардан жұқтыру 4,2% деңгейінде қалды. Басқа да сауда объектілерінде, банктерде, пошта бөлімшелерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, моншаларда және басқа да орындарда инфекция деңгейі айтарлықтай ауытқулармен іс жүзінде сол деңгейде қалып отыр.
«Вакцинация шектеу шараларымен қатар эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырудың және халықтың қалыпты өміріне оралудың бірден-бір тиімді әдісі болды және болып қалады», –деп атап өтті