Біртановтың орнына келген жаңа министр осындай бір ұсынысты алға тартып, оны қолданысқа енгізді
COVID-19 індетінен көз жұмғандарды жерлеу тәртібі өзгертілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Коронавирустан қайтыс болған науқастарды жерлеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді марқұмды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, кез-келген зиратта жерлеуге рұқсат етіледі», – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен брифингте.