Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 5 қаңтардағы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
5 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 949 адам коронавирус инфекциясынан (10 769 КВИ+ және 12 180 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 328 пациент стационарда, 17 621 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
302 адамның жағдайы ауыр;
47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.