Елде COVID-19-дан тағы екі адам қайтыс болды
Оңтүстік Корея жұма күні пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырудың ең көп тәуліктік жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) деректеріне сай, елде COVID-19 жұқтырудың 1 316 жағдайы, оның ішінде 1 236 жергілікті инфекция тіркелген. Нәтижесінде жұқтырғандардың жалпы саны 164 028-ге жетті. Бұл – өткен жылдың 20 қаңтарынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сол күні Оңтүстік Корея елдегі алғашқы коронавирус жұқтыру жағдайын анықталған болатын.
Одан бөлек, бірінші рет елдегі тәуліктік жұқтыру саны үш күн қатарынан 1 200-ден асып отыр. Көрсеткіш дүйсенбі күні 711, сейсенбі күні 746, сәрсенбіде 1 212 және бейсенбіде 1 275 болған.
Елде COVID-19-дан тағы екі адам қайтыс болды, нәтижесінде жалпы өлім саны 2 036-ға дейін көтерілді.