Қазақстанда пневмониядан тағы 3 адам қайтыс болды

27.08.2020 16:36

Жазылып шыққандардың саны 5 256 жетті

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 558 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 355 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 24 101, 271 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 256 жетті.