Министрлік мәліметінше, коронавирустан 21 адам, ал пневмониядан 10 адам қайтыс болған
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 21 адам қайтыс болды, ал Covid-19-дан пайда болған пневмониядан 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Тамыздың басынан бері ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустан туындаған пневмониямен ауыратын 16 666 науқас тіркелді. Оның ішінде 198 науқас қайтыс болды.
13 наурыздан 14 тамызға дейін 101 848 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 1 356 адам қайтыс болды. 78 633 адам сауығып шықты.
Ведомство қазір коронавирус инфекциясынан 21 859 адамның емделіп жатқанын, оның ішінде 104 бала бар екенін хабарлады. 3 738 науқас стационарларда емделіп жатыр, 18 121 адам амбулаториялық деңгейде ем алуда.
420 адамның жағдайы ауыр, 103 науқас аса ауыр дәрежеде жатыр, 80 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 476 адам анықталды. Оның ішінде 184 адамда аурудың клиникалық белгілері жоқ.