Израиль билігі наурыздың соңына дейін азаматтарына коронавирусқа қарсы вакцина салмақ

Фото: russian.rt.com
Фото: russian.rt.com
Үш апта ішінде бір жарым миллион адам екпе алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Израиль әлем елдері арасында барлық ересек азаматтарын вакцинациялаған алғашқы мемлекет болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Ел премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Pfizer компаниясымен жаңа келісім жасайтынын жариялады. Осылайша, билік 16 жастан асқан барлық израилдіктерге наурыз айының соңына дейін вакцина салмақ.

«Жеңіске жетуге аз қалды. Мен азаматтарды карантин ережелерін сақтап, барлық талапты орындауға шақырамын. Бәріміз бір-бірімізге қамқор болуымыз керек, себебі инфекция адам таңдамайды», – деді  Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Израиль вакцинацияланған халықтың үлесі бойынша әлем бойынша бірінші орында тұр: үш апта ішінде бір жарым миллион адам екпе алды. Елдің БАҚ-тары мұны вакцина таратуда жүйелі жұмыстың нәтижесімен және премьер-Министрдің Pfizer басшылығымен тығыз қарым-қатынасымен байланыстарады.

Айта кету керек, Израильдің вакцинаға басқа мемлекеттерге қарағанда екі есе көп төлейтіні хабарланған болатын.


Новости партнеров