Бейжің Олимпиадасында бір күнде 55 адам коронавирус жұқтырды

06.02.2022 16:45

Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлады

inform.kz

Бейжің Олимпиадасында күніне 55 covid-19 инфекциясын жұқтыру деректері анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Сонымен қатар олимпиадада қатаң қауіпсіздік шаралары сақталады-роботтар дезинфекциялау заттарын себеді, барлық қатысушылар мен қызметкерлер күн сайын ПТР сынақтарынан өтеді, ал бармендер мен даяшылар бетперде мен қорғаныс киімдермен қызмет көрсетеді.

Австрияның Федералды кеңесі ковидке қарсы міндетті вакцинация туралы заңның қабылдануын мақұлдады. Заң жобасын қолдап 47 депутат, қарсы - 12 депутат дауыс берді. Енді заңға Республика президенті қол қоюы тиіс. 18 жастан асқан Австрия тұрғындары үшін міндетті вакцинацияны енгізу ақпан айына жоспарланған.

Бірқатар елдерде коронавируспен ауыратындардың тәуліктік көрсеткіші бойынша антирекордтар тіркелді: Бразилияда — 298 408 жағдай, Германияда — 248 838 жағдай, Жапонияда — 96 845, Украинада — 43 778 жағдай, Чилиде — 37 468 және Оңтүстік Кореяда-27 443 жағдай.

Дереккөзі: inform.kz