Коронавирус: Шыңжаңда жаңа 64 жағдай анықталды

01.11.2020 16:50

Симптомсыз тасымалдаушылар саны - 219

ҚазАқпарат

Өткен тәулікте ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) жаңадан коронавирус жұқтырған 64 адам анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның ішінде 3 науқас белсенді және 61-і симптомсыз тасымалдаушы, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау істері жөніндегі жергілікті комитетке сілтеме жасап. 

«31 қазан күні сағат 24.00-дегі жағдай бойынша ШҰАА-да (Шыңжаң өндірістік - құрылыс корпусын, ШӨҚК қоса алғанда) коронавирустың 3 жаңа расталған жағдайы және 61 симптомсыз тасымалдаушы анықталды (барлық жағдайлар Қашғар округінің Шуфу уезіне және ШҰАА-ның Қызылсу-Қырғыз автономиялық облысына тиесілі)», – делінген хабарламада. 

ШҰАА-да коронавирус қайта өрши бастағалы (ШӨҚК қоса алғанда) расталған жағдайлардың жалпы саны 54-ке жетті (оның ішінде 6 адам ауыр халде), ал симптомсыз тасымалдаушылар саны - 219. 

Естеріңізге сала кетейік, 24 қазанда Қашғар округінде (ҚХР ШҰАА) жергілікті тұрғындар арасында 1 симптомсыз тасымалдаушыа анықталғаннан кейін, Шыңжаң әкімшілігі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға шұғыл ден қою режимін енгізді. Төрт күн ішінде Қашғар округінде 4,75 миллионға жуық коронавирус сынағы жасалды.