Елге кіру ережелерін қатаңдату коронавирустың «дельта» штаммының таралуына байланысты
Черногория ПТР тесті және вакцинация сертификатынсыз туристерді демалыс орындарына кіргізбейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Елге кіру ережелерін қатаңдату коронавирустың «дельта» штаммының таралуына байланысты. COVID-19 тестінің теріс нәтижесі, вакцинацияның немесе коронавируспен ауырғанын растаудың міндетті болуы туралы талап 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Қазіргі уақытта Ресейден және бірқатар басқа мемлекеттерден келген туристер Черногорияға ешқандай шектеусіз кіре алады. Джакарта коронавирусқа қарсы вакцинаның 7,5 миллион дозасын алды. Нидерланды 450 мың доза AstraZeneca вакцинасын жіберсе, Pfizer компаниясы 1,5 миллион доза бөлген. Индонезия сонымен қатар Sinovac және AstraZeneca компанияларынан коронавирусқа қарсы вакцина алады. Sinovac 5 миллион доза жіберсе, ал AstraZeneca — 567 мың доза жөнелткен. Тамыз айының басынан бері елге 22 792 480 доза вакцина келіп түсті. Ел билігі экономикалық өсудің кілті вакцинация және коронавирусты жұқтыру жағдайларын болдырмау екенін айтты.