Франкфурт қаласынан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Франкфурт қаласынан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 6 қаңтарда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

6 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді. 1 485 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 186 адам, анықтамасыз 299 ҚР азаматы келді. Оның ішінде:

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 482 жолаушы, анықтамамен - 311; анықтамасыз - 171;

- Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 487 жолаушы, анықтамамен - 456, анықтамасыз - 31;

- Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 277 жолаушы, анықтамамен - 263; анықтамасыз - 14;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен - 156; анықтамасыз - 83.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. 5 қаңтада анықтамасыз келген 215 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Новости партнеров