Өбекстандық маман көршілес Тәжікстанда неліктен әлі күнге дейін коронавирус жоқ екенін айтты

17.04.2020 17:00

Тәжікстанда уақтылы қабылданған шаралардың арқасында коронавирус әлі анықталған жоқ

qazaqtimes.com

Өзбекстандағы оба, карантин және аса қауіпті жұқпалы инфекциялардың алдын алу жөніндегі республикалық орталықтың тырысқақ зертханасының меңгерушісі Маруфжон Мадаминов Тәжікстанда әлі күнге дейін коронавирустың неліктен жоқ екенін айтты деп жазады Kaz.nur.kz Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап.

Мадаминовтың ойынша, Тәжікстанда уақтылы қабылданған шаралардың арқасында коронавирус әлі анықталған жоқ.

"Бұл менің жеке пікірім, ол басқа сарапшылардың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ олар (Тәжікстан билігі - ред.) адамдардың шекарааралық қозғалысына шектеу шараларын өте ерте бастады", - дейді Маруфжон Мадаминов. Сарапшы Тәжікстанның кез келген жағдайға дайын болғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Sputnik Тәжікстан бүкіл әлемді жайлаған COVID-19-дың неліктен Тәжікстанға жетпегенін анықтауға тырысып көрген еді. Себебі Жер бетінде екі миллионнан аса адам жұқтырған коронавируспен ауырған адам Тәжікстанда жоқ.