Үндістанда коронавирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші алғаш рет 100 мың адамнан асты

05.04.2021 17:02

Бұл – осы уақытқа дейінгі тәулік ішіндегі ең үлкен өсім

Фото: ашық дереккөзден

Индияда COVID-19 жұқтырудың күнделікті көрсеткіші дүйсенбі күні 103 558 адамға өсті,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, бұл – осы уақытқа дейінгі тәулік ішіндегі ең үлкен өсім. Нәтижесінде жұқтырғандардың жалпы саны 12,59 млн-ға жеткен, Елде соңғы тәулікте 478 адам қайтыс болды, ал жалпы өлім көрсеткіші 165 101-ге жетті.