Қазақстанда коронавирустан 5 адам көз жұмды

10.09.2020 17:11

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 685 адам ем қабылдауды жалғастыруда

Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам көз жұмса, коронавирустан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 685 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 580 науқас жатыр. 2 105 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 132 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 21 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.