Иттердің мұрыны тер үлгісінде 97% дәлдікпен коронавирустың оң жағдайын анықтаған
Зерттеу бойынша иттер COVID-19 диагнозын, тіпті асимптоматикалық ауруы бар адамды да иіс арқылы анықтай алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа зерттеу Париждің жанындағы Альфордағы Ветеринарлық медицина мектебінен Доминик Гранжанның басшылығымен жүргізілген.
Иттердің мұрыны тер үлгісінде 97% дәлдікпен 335 адамның арасында коронавирустың оң жағдайын анықтаған. Тағы бір сынақ барысында иттер 192 адамнан тұратын топ арасында аурудың асимптоматикалық ағымы бар 31 науқасты тапқан.