Коронавирусқа шалдыққан 307 адамның жағдайы ауыр

19.12.2021 17:13

71 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар бойынша мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

19 желтоқсандағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 19 810 адам (17 244 КВИ+ және 2 566 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 404 пациент стационарда, 16 406 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында: 

- 307 адамның жағдайы ауыр; 

- 71 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

- 58 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.