Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындардан вирус таралуы азайғанша оқшаулануды жалғастыруды және қаладағы тиісті шараларға түсіністікпен қарауды сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы бас санитар дәрігер өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.
Ж. Бекшин КВИ жұқтыру қоғамдық орындарда көп кездесетінін айтты. Әсіресе, сауда және қоғамдық тамақтану нысандары мен базарларда жұқтыру қаупі жоғары. Ауырғандардың 44% -ы қоғамдық орындардан жұқтырса, ал 28%-ы отбасы мүшелері бір-біріне жұққан. Соңғы аптада 2020 жылдың 25 желтоқсаннан басталған карантиндік стационарларда КВИ-ның жеңіл және симптомсыз түрлерімен ауыратын науқастарды оқшаулау нәтижесінде отбасындағы байланыстар бойынша ауырғандардың үлес салмағы 7,1% - ға төмендеді.
«Егер науқас адам ауруханаға жатса, отбасы мүшелері арасында коронавирустық инфекциясын бір-біріне жұғуының алдын алатын еді. Сол себепті азаматтардың вирустың таралуы азайғанша оқшаулануды жалғастыруын және қаладағы мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауын сұраймын» — деді Ж.Бекшин.