Атырау облысындағы Теңіз кенішінде тағы 30 жұмысшы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өткен тәулікте Атырауда 62 адамнан короновирус инфекциясының белгісі анықталған.
«Науқастардың арасында Атырау қаласының 21 тұрғыны бар. Теңіз кенішінде 30 жұмысшы қауіпті індетті жұқтырды. Сондай-ақ, Қызылқоға ауданында – 3, Индер ауданында – 4, Құрманғазы ауданында – 3, Исатай ауданында 1 адам Сovid-19 инфекциясына шалдықты. Коронавирустың симптомды белгісі 17 науқаста белгілі болы»,– делінген хабарлады басқарма таратқан ақпаратта.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 13 адам емделіп шықса, қазір үй жағдайында 254 адам ем-дом алып жатыр. Сондай-ақ, облыстық инфекциялық стационарда 84, аудандардағы стационарларда 16 науқас емделуде.
Ал, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационардағы науқастардың саны 364 адамға жетті.