Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 3 410 адам емделуде
Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 3 410 адам, оның ішінде 37 бала емделуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Стационарларда – 1 809 пациент, амбулаториялық деңгейде – 1 601 пациент бар. 92 адамның жағдайы ауыр, 16 – аса ауыр дәрежеде, 23 - ӨЖЖ аппараттарында.
Айта кетейік, бұған дейін Еліміз бойынша коронавирустан жазылғандардың саны 102 530-ға жетті, деп хабарлағанбыз.