Өткен тәулікте 595 адамнан коронавирус анықталды
Алматыда жаңа штамдар ауру санының өсіміне әкеліп отыр. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Эпидемия басталғалы бері Алматыда инфекция жұқтырған 35193 адам тіркелген, оның 24 012-де ауру белгілері бар.
«Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға келер болсақ, жағдай күрделі. Күнделікті өсім байқалады. Өткен тәулікте 595 адамнан коронавирус анықталды. Оның 497 симптомды, 98 симптомсыз. Алматыдан жаңа штамдар шықты. Бұл ауру санының өсіміне әкеліп отыр», – деді әкім.