Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1530 жағдайы тіркелді
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1530 жағдайы және 16 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 9584, 102 өлім жағдайы тіркелді.
«Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады», – дейді баспасөз қызметі.
Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.