АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео басқа елдерге КОВИД-19-бен күресу мақсатында 100 миллион доллар бөлетінін мәлімдеген еді
Осылайша АҚШ елімізге коронавирустың таралмауына септесу үшін қол ұшын созып жатыр. Бұл туралы Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі әлеуметтік желіге жазды. Ұшақтағы қораптарда қорғаныс құралдары бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Еске сала кетейік, ақпан айының басында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео басқа елдерге КОВИД-19-бен күресу мақсатында 100 миллион доллар бөлетінін мәлімдеген еді. Ал 2 наурыз күні АҚШ билігі коронавирус жұқтырған, қауіптің бел ортасында тұрған 25 елге 37 миллион доллар аударды. Қаражат маска, медициналық қолғап, қорғаныс костюмдерін алуға жұмсалды.