Түркияда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 267 064 науқасқа жеткен
Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар арасында сырқаттың ауыр ағымы көбейгенін мәлімдеді. Бұл туралы министр Twitter-де жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.
«Бүгін вирус жұқтырғандар саны тағы 546 науқасқа артты. Қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 6 мыңнан асты. Оған қоса сырқаттың ауыр жағдайымен тіркелу көбейді», - деп жазды министр.
Түркияда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 267 064 науқасқа жеткен, қайтыс болғандар саны 6284. Ал 242 812 адам коронавирустан жазылып шыққан.
Вирустың таралуына қарамастан ел билігі туристік маусымның жалғасуына бар жағдайды жасауда.