«Рома» қақпашысы коронавирустан емделіп шықты

05.09.2020 17:47

37 жастағы қақпашының ауруы асимптоматикалық болған

prosports.kz

«Рома» қақпашысы Антонио Миранте әлемді жаулаған аурудан сауықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Football Italia хабарлауынша, 37 жастағы қақпашының ауруы асимптоматикалық болған. Ойыншы тағы бір сынақтан өтті, бұл жолы теріс нәтиже көрсетті. Миранте команда жаттығуына оралды.

Қақпашы «Рома» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді.

Айта кетейік, Мирантеден бөлек «Рома» сапынан коронавирус Карлес Перес, Джастин Клюйверт және Бруно Перестен анықталған болатын.