Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды

12.08.2020 17:52

Министрлік мәліметінше, коронавирустан 22 адам, ал пневмониядан 8 адам қайтыс болған

фото: tokfm.pl

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, коронавирустан 22 адам, ал пневмониядан 8 адам қайтыс болған.

Еске салайық, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 100 855-ке жетті. Коронавирус жұқтырған 74 677 адам аурудан айықты, 1 269 науқас қайтыс болды.