Вьетнамда өткен тәулікте 15 311 жаңа жағдай анықталды
Сovid-19 төртінші толқыны Оңтүстік Азия елдеріне таралуда. Вьетнамда өткен тәулікте 15 311 жаңа жағдай анықталды, оның 11-і шетелден тасымалданған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Инфекцияның жергілікті таралу фактілерінің басым көпшілігі елдің оңтүстігінде орын алуда. Хошиминде-1 453, Тейнин провинциясында-895, ел астанасы Ханойда – 822 және Шокчанг провинциясында-789 дерек. Осылайша, инфекция жұқтырудың жалпы саны 1 367 433-ке, ал көз жұму жағдайлары 27 186-ға жетті. Вьетнамда COVID-19 вирусына қарсы вакцинасының 130 миллионға жуық дозасы енгізілді, шамамен 56 миллион азамат вакцинацияның толық курсынан өтті. Ресейде covid-19 инфекциясын емдеу бойынша ұсыныстар мутацияланған «омикрон» штамына байланысты өзгеруі мүмкін, – деп хабарлады РФ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко.
«Біз жаңа штамның барлық ерекшеліктерін зерделейміз, бұл ретте шетелдік әріптестердің зерттеулерін ескереміз. Осыдан кейін ғана біз емдеу туралы ұсыныстарға өзгерістер енгізудің қажет немесе қажет емес екенін бағалаймыз», – деді министр.
«Денсаулық сақтау министрлігі жаңартылған нұсқаулықтарды соңғы рет 18 қарашада шығарды. Жаңа нұсқада пациенттің денесін оттегімен қанықтыру әдістері – оксигенация туралы түсініктемелер көрсетілген», – делінген Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия таратқан ақпаратта.