Шетелден ұшып келген 11 қазақстандықтан коронавирус анықталды

31.12.2020 17:53

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР-тест тапсырды, қазір олар карантин стационарында жатыр

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, коронавирус анықталған жолаушылар Қазақстанға 29 желтоқсанда ұшып келген, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

«ПТР-тест нәтижесі бойынша, 29 желтоқсанда Шарм-Эль-Шейх – Қостанай бағыты бойынша елге келген 212 қазақстандықтың 11-інен коронавирус инфекциясы анықталды», – делінген хабарламада.

30 желтоқсанда Қазақстанға Нидерланд, Ұлыбритания, Мысыр, Түркия, БАӘ, Беларусь және Өзбекстаннан тоғыз халықаралық әуерейсі келген. Шетелден ұшып келген 1258 жолаушының ішінде 1044 адамның тест нәтижесі теріс, 214 қазақстандық анықтамасыз келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР-тест тапсырды, қазір олар карантин стационарында жатыр.