Бұл туралы қала әкім Бақытжан Сағынтаев айтты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен брифингте COVID-19-бен күреске жұмылдырылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау шаралары жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ковидпен науқастанған пациенттермен инфекциялық стационарларда жұмыс істейтін мегаполистің медицина қызметкерлері жұмыс істеген сағаттарына қарай ай сайынғы үстемеақыларын алады. Осы жылдың 9 айында жалпы сомасы 14 млрд тг астам төлем жүргізілді. Осы кезеңде ай сайын 3,5 мыңнан 7,5 мыңға дейін медицина қызметкері үстемеақы алды.
КВИ-мен күрес барысында жұмыс орнында бұл дертті жұтырып, науқастанып қалған 1491 медицина қызметкері белгіленген төлемді алды. Бұған қосымша 50 медицина қызметкері жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлем алды. Бүгінгі таңда кадрлық резервте 2450 медицина қызметкері бар.