Нұр-Сұлтанда 92 жастағы қария коронавирустан жазылды

07.05.2020 16:49

Елордалық жұқпалы аурулар стационарларынан 5 мамырда 20 науқас, 6 мамырда тағы 10 науқас шығарылды

Фото:elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда 16 сәуірден бастап стационарлық ем алған 92 жастағы науқас коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кейуана дәрігерлерге көрсетілген медициналық көмек пен күтім үшін алғыс айтып, денсаулық тіледі. 

«5 мамырда елордалық жұқпалы аурулар стационарларынан 20 науқас, 6 мамырда тағы 10 науқас шығарылды. Елордада коронавирусқа шалдыққан адам саны – 768. Олардың 333-і індеттен сауықты», - делінген хабарламада.