WDR мәліметі бойынша, қойылым кезінде барлық көрермендер FFP2 маскаларын киюі керек еді
Галле-Виттенберг университетінің ғалымдары 22 тамызда Лейпцигте COVID-19 таралуын зерттеу үшін 1400-ден астам көрермен қатысқан эксперименттік поп-концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Біздің бұл өткізіп жатқанымыз үйреншікті концерт емес. Бұл концертке ыңғайластырылған зерттеу», - деді зерттеу жетекшісі Стефан Мориц.
Мұндай концерт күніне үш рет болған, олардың
әрқайсысында түрлі санитарлық жағдайлар жасалған. Зерттеушілер көрермендердің
қозғалысын сенсорлардың көмегімен қадағалады. Сондай-ақ, флуоресцентті
дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, эксперимент қатысушылары ғимараттың
қандай жерлеріне жиі жанасатынын көрсетті. Сонымен қатар, концерттер кезінде
сарапшылар вирус жұқтыруы мүмкін бөлшектердің ауада таралуын қадағалады.
WDR мәліметі бойынша, қойылым кезінде барлық
көрермендер FFP2 маскаларын киюі керек еді. Сондай-ақ, олар COVID-19 сынағын
алдын-ала жасады. Зерттеудің мақсаты, ғалымдардың пікірінше, жабық бөлмеде
өткізілген жаппай іс-шарадан кейін коронавирустың өршу қаупін бағалауға болатын
математикалық модель жасап шығу.