Ауырып қалған 492 дәрігерге пневмония диагнозы қойылса, 511-і емін жалғастырып жатыр
Қазақстанда 18 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы республиканың бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ауырып қалған 492 дәрігерге пневмония диагнозы қойылса, 511-і емін жалғастырып жатыр.
"18 медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың арасындағы өлім жағдайларының бәрі коронавирус жұқтырған науқастарға көмек көрсетумен байланысты емес", – деді Есмағамбетова онлайн брифингте.
Оның айтуынша, қазір індетке шалдыққан науқастардың жалпы санының 11,5%-і – медицина қызметкерлері.
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 44 мыңнан асты. Оның ішінде 14777 пациент дертінен емделіп шықты. 188 адам қайтыс болды.