Елімізде COVID-19 расталған 670 жағдай тіркелді
Қазақстанда соңғы бір тәулікте коронавирусты 41 адам жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылайша, елімізде COVID-19 расталған 670 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында 119 адам анықталды. Еліміздің басқа да өңірлерінде сандар көңіл қуантпайды. Аймақ арасында Қызылорда облысы көш бастап тұр. 54 адам тіркелді. Шымкентте - 19, Ақмолада 42, Алматы облысында 10 жағдай расталды. Батыс аймағы Ақтөбеде -11 адам, Атырауда 32, Орал қаласында 2, ал Маңғыстау облысында 5 науқас емделіп жатыр. Шығыс Қазақстанда 6, Жамбыл облысында 40 адам, Қарағандыда 48 науқас бар. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны бойынша Қостанай мен Павлодарда ең төменгі көрсеткіш. Онда бір-бір адамнан тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында 25 адам болса, Түркістан облысында 33 жағдай расталды. Аурудан құлан таза айығып жатқандар да жоқ емес. Өткен тәуліктегі ақпаратпен салыстырғанда Нұр-Сұлтан мен Солтүстік Қазақстан облысында бір-бір адамнан жазылып шықты. Айыққандар саны 46-ға жетті. Қазақстанда әлемді жайлаған дерттен 6 адам көз жұмды.
СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР
Расталған жағдай: 670
Нұр-Сұлтан қаласы - 222
Алматы қаласы - 119
Шымкент қаласы - 19
Ақмола облысы - 42
Ақтөбе облысы - 11
Алматы облысы - 10
Атырау облысы - 32
Шығыс Қазақстан облысы - 6
Жамбыл облысы - 40
Батыс Қазақстан облысы - 2
Қарағанды облысы - 48
Қостанай облысы - 1
Қызылорда облысы - 54
Маңғыстау облысы - 5
Павлодар облысы - 1
Солтүстік Қазақстан облысы - 25
Түркістан облысы - 33
Жазылып шыққандар: 46
Нұр-Сұлтан қаласы - 24
Алматы қаласы - 21
Солтүстік Қазақстан облысы - 1
Қайтыс болғандар: 6
Нұр-Сұлтан қаласы - 1
Шымкент қаласы - 1
Ақмола облысы - 2
Қарағанды облысы - 1
Түркістан облысы - 1