Елімізде коронавирустан тағы 5 адам қайтыс болды

11.09.2020 18:00

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 596 адам ем қабылдауды жалғастыруда

Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам көз жұмса, коронавирустан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 596 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 523 науқас жатыр. 2 073 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 137 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.