185 пациенттің жағдайы өте ауыр
Қазақстанда коронавирустан 36,6 мың науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
19 мамырдағы мәлімет бойынша, елімізде 36 617 адам коронавирус инфекциясынан (36 108 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 452 пациент стационарда, 23 165 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 761 адамның жағдайы ауыр,
- 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.