Коронавирус: Билл Гейтс қалыпты өмірге оралудың жолын айтты

12.10.2020 18:56

Оның айтуынша, бұрынғыдай қалыпты өмірге оралу үшін коронавирусқа қарсы екпе жасату керек

REUTERS

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс NBC басылымына берген сұхбатында коронавирус пандемиясынан қалыпты өмірге оралудың қандай жолы барын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұрынғыдай қалыпты өмірге оралу үшін коронавирусқа қарсы екпе жасату керек.

«Адамдарды қалыпты өмірге қайтарудың жалғыз жолы - тиімді және қолжетімді вакцина алу», – деді Гейтс.

Microsoft негізін қалаушы жаппай вакцинация коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға және ауруды "әлемдік деңгейде" тоқтатуға мүмкіндік береді деп санайды.