Швеция ханшайымы София дәрігерлерге көмектесу үшін ауруханаға жұмысқа тұрды

17.04.2020 19:42

Әлем халқын дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясы барша халықты біріктірді

Фото:woman.ru

Швеция ханшайымы София коронавирус пандемиясы кезінде барынша халыққа жақын болуды жөн көрген. Ол үшін Ханзада Карл Филипптің жұбайы, екі баланың анасы дәрігерлерге көмектесу үшін ауруханаға жұмысқа тұрған, деп хабарлайды Kaz.nur.kz woman.ru сайтына сілтеме жасап.

София ханшайым тәжін медициналық киімге алмастырып, халқына барынша көмектесіп жатыр. Швеция королі Карл XVI Густав пен патшайым Сильвияның қызы Стокгольм қаласындағы Софиахеммет ауруханасына жұмысқа кіріскен.

35 жастағы ханшайым Софиахемметтің университеттік колледжінде үш күндік интенсивтік оқу бағдарламасын аяқтап, енді ресми түрде аурухана ұжымына медициналық емес мәселелерді шешуге көмектесе алады. Әлем халқын дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясы барша халықты біріктірді.

Бүгінде өзге корольдік отбасы мүшелері де барынша көмек қолын созуда. Мәселен Уильям ханзада видеобайланыс арқылы Англияда жаңа аурухана ашып, науқастарды емдеп жатқан дәрігерлерге қолдау білдірді. Ал оның інісі Гарри жұбайымен бірге Лос-Анджелес қаласында мұқтаж жандарға азық-түлік таратты.