Алматыда бір күнде 5 мыңға жуық адам вакцина салдырды

Алматыда бір күнде 5 мыңға жуық адам вакцина салдырды
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында бір тәулікте 4 999 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

22 тамыз күні 4 999 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1471, II компонентін 3528 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 22 тамызы аралығында қалада 841 986 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 676 373 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 109 901 адамның жасы 60-тан асқан.

Айта кетейік, қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.


Новости партнеров