Қазақстанда қауіпті індеттің ілмегіне ілінгендердің саны 124-ке жетті

27.03.2020 18:12

Өкінішке қарай, кесел кеше бір адамның өмірін жалмады

jpgazeta.ru

Қазақстанда қауіпті індеттің ілмегіне ілінгендердің саны 124-ке жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша Нұр-Сұлтан қаласында 60 адам, Алматы қаласында – 48, Қарағандыда төртеу болды. Шымкентте екі адам жұқтырса, Ақмола, Алматы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстанда бір-бір жағдайдан тіркелген. Жамбыл мен Атырау облыстарында үш адамнан анықталды. Ал, дерттен екі адам айығып шыққан болатын. Өкінішке қарай, кесел кеше бір адамның өмірін жалмады.

COVID-19: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

РАСТАЛҒАН 124  ЖАҒДАЙ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА – 60

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА – 48

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА – 4

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА – 2

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА – 1

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА – 1

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА – 1

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА – 1

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА – 3

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА – 3

ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАНДАР: 2

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА – 1

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА – 1

ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР: 1