Қазіргі уақытта облыста инфекция жұқтырған 319 адам тіркелген
Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
«Вирус жұқтырғандардың 9-ы Талдықорған қаласында, 3-еуі Алакөл ауданында, 1-еуі Ескелді ауданында және тағы 1-еуі Талғар ауданында тіркелген. Барлық 14 науқастан вирус бірден анықталды, 7 науқас — 1987, 1938, 1989, 1989, 1992, 1980, 1982 жылғы азаматтар бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болған, 7 науқас — 2019, 2017,1984, 1991, 2006, 1994, 2016 жылғы тұрғындар профилактикалық мақсатпен тексерілген», - делінген хабарламада.
Барлығы алдын ала оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
Қазіргі уақытта Алматы облысында инфекция жұқтырған 319 адам тіркелген.