Алматыда 527 балада коронавирус инфекциясы анықталған

ria.ru
ria.ru
1 сәуірде коронавирустық инфекцияның 595 жағдайы тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда  527  балада коронавирус инфекциясы анықталған. Бұл туралы Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан онлайн-брифингте қала әкімі Б. Сағынтаев  айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Вирус өте қауіпті, ол ешқайда кеткен жоқ. Сондықтан қауіпті індетпен бірге күресу керек. Бір-бірімізге көмектессек, бұл вирусты жеңеміз деп ойлаймын. Бүгінде 527  балада инфекция анықталып отыр», – деді қала әкімі.

Еске салайық, қала әкімі коронавирустың үшінші толқыны басталғанын айтқан еді.  Соңғы мәлімет бойынша, қалада коронавирустық инфекцияның 35 193 жағдайы тіркелген, оның 24 012-сі симптомды және 11 181-і симптомсыз. Сонымен қатар, қалада 32 адамнан «британдық штам» анықталғаны белгілі болды. 

Новости партнеров