1 сәуірде коронавирустық инфекцияның 595 жағдайы тіркелді
Алматыда 527 балада коронавирус инфекциясы анықталған. Бұл туралы Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан онлайн-брифингте қала әкімі Б. Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Вирус өте қауіпті, ол ешқайда кеткен жоқ. Сондықтан қауіпті індетпен бірге күресу керек. Бір-бірімізге көмектессек, бұл вирусты жеңеміз деп ойлаймын. Бүгінде 527 балада инфекция анықталып отыр», – деді қала әкімі.
Еске салайық, қала әкімі коронавирустың үшінші толқыны басталғанын айтқан еді. Соңғы мәлімет бойынша, қалада коронавирустық инфекцияның 35 193 жағдайы тіркелген, оның 24 012-сі симптомды және 11 181-і симптомсыз. Сонымен қатар, қалада 32 адамнан «британдық штам» анықталғаны белгілі болды.