Алматы облысында коронавирус жұқтырған 4 науқас тіркелді

03.05.2020 18:49

Науқастардың бәрі бұрын ауырған адамдармен байланыста болған

Фото: Global Look Press

Вирус анықталған төрт адам да бұрын ауырған адамдармен байланыста болған, деп хабарлайды Almaty.tv облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы облысының Кеген ауданында тағы 4 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру барысында анықталды. Олардың барлығы  бұрын ауырғандармен байланыста болғандар», - делінген хабарламада. 

Науқастар – 1989, 1950, 1992, 1990 жылы туған азаматтар Олардың бәрі Есік қаласындағы аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.