Профессор дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруы вакцинамен байланысты емес екенін айтады
Вильнюс клиникасының 79 дәрігерінен Biontech және Pfizer вакцинасының алғашқы дозасынан кейін коронавирус анықталды. Клиниканың жұқпалы аурулар орталығының меңгерушісі, профессор Лигита Янчорене осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сілтеме жасап.
Профессор дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруы вакцинамен байланысты емес екенін айтады. Оның болжамынша, бұл адамдарда вакцинация кезінде вирус болған.
«Клиникада 6 мыңға жуық қызметкердің 4500-ден астамы екпе алған. Ал коронавирус 152 дәрігерден анықталған, оның ішінде вакцина салдырғандары да бар. Жұмада ауруханада BioNTech және Pfizer вакциналарының алғашқы дозасы бойынша вакцинация процесін аяқтау жоспарланған болатын», – дейді клиниканың меңгерушісі.