КВИ кезінде С және Д дәрумендері иммунитетке қалай әсер етеді?

06.07.2020 18:31

Бұл дәрумендер – ​иммунитеттің нығаюына, зат алмасу процесінің реттелуіне көмектесетін қажетті заттардың бірі

apteka.ru

«Астана медицина университеті» КЕАҚ кафедрасының доценті Баян Тұрдалина С және Д дәрумендерін пайдалану бойынша брифингте сөз сөйледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Жалпы, бұл дәрумендер – иммунитеттің нығаюына, зат алмасу процесінің реттелуіне көмектесетін қажетті заттардың бірі. Нақты КВИ-дың кезінде тікелей әсері бар деген дәлел жоқ, иммунитетті көтеру үшін максималды мөлшерде пайдалану деген халық арасында болмау керек. Ол дұрыс емес пікір. Кішкентай балалар ол витамин тікелей салмағына байланысты өлшеніп, қабылданады. Үлкендерде өзінің нормасы бойынша қабылданады. Сондықтан оны беталды тағайындаудың қажеті жоқ», – деді маман.