Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауруханада терапевтік және хирургиялық бөлімдер карантинге жабылды
Жітіқара орталық аудандық ауруханасында науқастар мен қызметкерлерден коронавирус анықталуына байланысты екі бөлімше карантинге жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауруханада терапевтік және хирургиялық бөлімдер карантинге жабылды.
Карантин 4 қарашадан 19 қарашаға дейін жалғасады. Барлығы 18 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 15-і сол аурухананың қызметкері болса, үшеуі науқастар.
«Санитарлық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық режимді күшейте отырып, балаларға кеңес беру бөлімі мен шұғыл көмек көрсету бөлімі жұмыс істейді (хирургиялық, гинекологиялық, терапиялық қабылдау)», – делінген қаулыда.