Алматыда мониторингтік топтар өткен демалыста 550-ден астам бизнес нысанын тексерді

18.01.2021 18:35

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда

открытые источники

Алматының мониторингтік топтары өткен демалыста  550-ден астам бизнес нысанын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда.

Аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құрылған мониторингтік топ демалыс күндері (15.01.2020 – 17.01.2020 қараған түні) кәсіпкерлік нысандары бойынша карантиндік режим талаптарын анықтау және түсіндіру мақсатында аудандарды түнгі аралау жүргізді. Оның барысында 553 нысан тексерілді. 28 хаттама толтырылды.

Қалада барлығы 32 мониторингтік топ жұмыс істеді. Карантиндік шаралардың барынша көп бұзылуын ескере отырып, мониторингтік топтардың жұмысы Алматының 4 ауданында: Бостандық, Алмалы, Әуезов, Медеу аудандарында (сандық мониторинг, адамдар көп жиналатын орындарды талдау, қоңырау белсенділігін талдау бойынша анықтамалар мен есептер, сондай-ақ қалаға кіру және шығу туралы деректер ведомствоаралық комиссияға күнделікті негізде беріледі) күшейтілді.

28 нысанда  заңбұзушылық анықталды:

1. Әл Фараби 5 2А «Sunset» мейрамханасы.

2. Марков к. 61/2 «Jungle» рестобары.

3. Абай д. 10 «QUEER» түнгі клубы.

4. Гагарин к. 250 «OverPack» лаунж-бары.

5. «Бармаглот» бары Әл-Фараби д. 116/21.

6. «Небо» бары Достық д. 192/2.

7. «Физика» түнгі клубы.

8. «Арагоста» түнгі клубы.

9. «Сони плейстейшен» ойын клубы Жібек жолы даңғылы бойында Масанчи к. бұрышында.

10. «Алимус» кешені бильярд.

11. «Центр Шашлыка» дәмханасы.

12. «Кварели» дәмханасы.

13. «Salam bro» дәмханасы.

14. Айнабулак-2 ш/а, 84/4.

15. «Алимус» кешені бильярд.

16. «Центр Шашлыка» дәмханасы.

17. «Мендаль» балық дәмханасы Самал-2 ш/а, 31.

18. «Дадиани» дәмханасы, Қабанбай батыр, 37.

19. «Чачапури» дәмханасы Қастеев к, 15

20. Абай д, 10 «QUEER» түнгі клубы.

21. Жандосов к, 40 «Бочонок» мейрамханасы.

22. «Премьера» дәмханасы «Премьера» ТК

23. «Royal Petrol» №54 ЖЖҚБ

24. «Мак» жиһаз дүкені.

25. «Домилион» СҮ «Faberlik» бутигі.

26. «Бакинский бульвар» дәмханасы.

27. «Веселидзе» дәмханасы Шевченко к.,155б.

28. «Бочонок» мейрамханасы Жандосов к, 40.

Жалпы, 2020 жылғы 8 қазаннан бастап 2021 жылғы 17 қаңтарға дейін 889 тексеру іс-шаралары жүргізілді, оның барысында 7604 нысан қамтылды, 1212 (16%) нысанда карантиндік шараларды бұзу фактілері анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1023 хаттама жасалды: заңды тұлғаларға – 77 779 140 тг сомасына 288; ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 30 627 450 тг сомасына 735 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Сондай-ақ, 24 материал сотқа берілді, оның ішінде 19 (79,1%) материал бойынша қызметін тоқтата отырып, айыппұл салу туралы сот қаулысы шықты.

Сондай-ақ, 24 материал сотқа берілді, оның ішінде 19 (79,1%) материал бойынша қызметін тоқтатып, айыппұл салу туралы сот қаулысы шықты:

- Алатау ауданы бойынша: Аблимит Ф. ЖК «Парваз» дәмханасына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, өызмет 1 айға тоқтатылды;

- Алмалы ауданы бойынша: Мұқанов көшесі, 130 Бисенева Л. ЖК, «Дегирмен» дәмханасы, Абай даңғылы, 91 «ASM group» ЖШС 1 айға қызметін тоқтата отырып, 100 АЕК айыппұл салу туралы шешім шығарды. «АсЖан» ЖК «Арагоста» дискотекасы бойынша 100 АЕК айыппұл салынып, қызметі 3 айға тоқтатылды;

- Наурызбай ауданы бойынша «Таужолы» дәмханасына «Жарыс Трейд» ЖШС қызметі1 айға тоқтатылып, 277 800 тг айыппұл салынды;

- Түрксіб ауданы бойынша: «Шашлычный двор» дәмханасының қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК айыппұл салынды. Р. Бижанов ЖК, «Atlantis» бильярд клубына қатысты — 1 ай мерзімге қызметін тоқтата отырып, 277 800 тг көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Илахунов ЖК қатысты «Раяна», «Прованс» дәмханалары «ДиСи Гарибян» ЖК — нысанның қызметін 1 айға тоқтата отырып, 100 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қолданылды;

- Медеу ауданы бойынша: сот «Bm Trade Company» ЖШС «Артист» — 1 барына қатысты қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. «Suddenly» ЖШС «Hookan Dreems» кафесі бары, «Оранжери Group» ЖШС «Оранжери» рестобар «Оранжери» ЖШС — қоғамдық тамақтану қызметтерін ұсыну бойынша «Hookan Dreems» дәмханасының қызметін бір айға тоқтата отырып, 277 800 тг мөлшерінде айыппұл салынды;

- Әуезов ауданы бойынша: Мята лоунгдж бары «Алматинец» ЖШС — 1 айға қызметін тоқтата отырып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. «Playstation Go» — 1 компьютерлік клубы 1 айға тоқтатылып, айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар аумақтық прокурорларға ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды тарту және сотқа беру үшін іс қозғау үшін беріледі. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушыларға ұйымның қызметін тоқтатуға дейін жауапкершілігі қарастырылған.

Алматы әкімдігі жұқтыру қаупін азайту мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарын адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырады. COVID-19 алдын-алу шараларын күшейтіп, өзіңізге және басқаларға қауіп төндірмеңіз. Кәсіпкерлік субъектілері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі, белгіленген жұмыс режимін сақтауы қажет. Қызметкерлер мен келушілерге термометрия жүргізілуін, қызметкерлердің медициналық бетперделер мен қолғаптардың қорымен қамтамасыз етілуін бақылау; дезинфекциялау; 4 шаршы метрге 1 адам есебінен келушілердің шектеулі санын қамтамасыз ету; сауда залдарына кіруге рұқсат беру әлеуметтік белгі болған жағдайда жүзеге асырылуы керек; келушілерден бетперде болуын талап ету; келушілердің жиналуын болдырмау және әлеуметтік алшақтықтың сақталуын қамтамасыз ету; іргелес аумақты дезинфекциялауды тәулігіне кемінде 1 рет жүргізу.