Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 59 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және вирусты жұқтырған адамдармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.
«Науқастар ішінде Қарағанды қаласынан – 33 адам, Теміртау қаласынан – 15, Нұр-Сұлтан қаласынан келген – 1 адам, Саран қаласынан – 1, Абай ауданынан – 1, Бұқар жырау ауданынан 8 адам анықталды», - делінген хабарламада.
Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр.
Ауру ошақтарында зарарсыздандыру шаралары жүргізілді.
Қазіргі уақытта облыста жалпы 932 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, олардың ішінде 3 адам қайтыс болған және 243 емделуші жазылып шыққан.